02 қыркүйек 2019 | 12:01

Тоқаев бес пайыздық зейнетақы аударымдарын енгізу мәселесін кейінге қалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қосымша бес пайыздық зейнетақы аударымдарын енгізу мәселесін 2023 жылға дейін қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қосымша бес пайыздық зейнетақы аударымдарын енгізу мәселесін 2023 жылға дейін қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Тоқаев Парламенттің біріккен отырысының VI шақырылымының 5-сессиясы барысында айтты.

"Үкіметке қосымша бес пайыздық зейнетақы аударымдарын енгізу мәселесін 2023 жылға дейін қалдыруды тапсырамын. Кейінірек осы мәселеге тағы ораламыз. Сол уақытқа дейін үкіметтегілер, бизнес өкілдері және сарапшылар бір келісімге келуі керек", - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауына.

Еске салайық, мұның алдында Президенттің бүгін, 2 қыркүйекте халыққа Жолдау жариялап, онда ішкі саяси мәселелер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері айтылатыны хабарланған еді. 

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәлидің айтуынша, Жолдау бүгін сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында жарияланып, сағат 15:00-де барлық республикалық телеарнадан көрсетіледі.

Президент зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтуді тапсырды

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети