30 желтоқсан 2021 | 15:41

Тоқаев Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатына шақырылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

akorda.kz akorda.kz

Қазақстан Президенті ҚХР үкіметінің Еуразия елдеріне қатысты істер жөніндегі арнайы өкілі Ли Хуэйді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті ҚХР үкіметінің Еуразия елдеріне қатысты істер жөніндегі арнайы өкілі Ли Хуэйді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайту бағыттары талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Хуэйге ілтипат білдіріп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға ҚХР-дің Қазақстандағы елшісі болған кезде қосқан үлесін айтты. Президент өзара ықпалдастықтың, соның ішінде 2019 жылы қыркүйекте өзінің Пекинге мемлекеттік сапары барысында мәңгі ынтымақтастық және стратегиялық серіктестікті нығайту туралы қол қойылған бірлескен Декларацияның аясында қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

"Мемлекеттеріміз арасындағы достық қатынастар әрқашан дами береді. Пандемияға байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан, биылғы 10 айдың ішінде екі ел арасында сауда көлемі артқаны байқалады. Келесі жылы және болашақта екі ел арасындағы сауда-саттық табысты дами береді деп ойлаймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы биыл қараша айында өткен IV Қытай халықаралық импорт тауарлары көрмесін жоғары бағалап, онда видеоүндеу жолдағанын айтты. Сондай-ақ, екіжақты сауда көлемін ұлғайту және оның құрылымын жақсарту жұмыстарын одан ары жүргізудің маңызды екені айтылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге жүрекжарды сәлемін жолдап, алда оны Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді деп күтетінін жеткізді. 

Ли Хуэй Президентке Жаңа жыл қарсаңында кездесуге мүмкіндік бергені үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толуымен құттықтады. Оның айтуынша, осы уақыт ішінде Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығымен зор жетістіктерге қол жеткізді, қазір Қасым-Жомарт Тоқаевтың басқаруымен экономика, басқа да салалар бойынша қарқынды дамып келеді.

"Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі даму жолында зор жетістіктерге қол жеткізді. Қазір Сіздің еліңіз бүкіл әлем құрметпен қарайтын беделді мемлекетке айналды. Қытай-қазақ қатынастары туралы айтатын болсақ, осы жылдар ішінде достық және стратегиялық қарым-қатынастарымызды дамыту барысында орасан зор жетістіктерге қол жеткіздік. Осы ынтымақтастығымыз нәтижесінде қол жеткізген жетістіктерді мақтан тұтамыз. Бұл - алғашқы 30 жыл ғана. Ал болашақта дәстүрлі достығымыз бен стратегиялық серіктестігімізді дамытуды жалғастыра береміз", - деді ҚХР үкіметінің арнайы өкілі.

Қытай дипломаты Қазақстан Президентіне келесі жылы Бейжіңде өтетін XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысуға шақыруды табыстады.

Кездесу қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Хуэйді өзара тиімді қазақ-қытай ынтымақтастығын нығайтуға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ, Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

 

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети