Тоқаев Бейнеу-Шалқар тасжолы туралы: Жұмыс өте баяу жүріп жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Бейнеу-Шалқар тасжолы туралы: Жұмыс өте баяу жүріп жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысы жұртшылығымен кездесуінде жолдардың сапасын арттыруға көбірек көңіл бөлу керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысы жұртшылығымен кездесуінде жолдардың сапасын арттыруға көбірек көңіл бөлу керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Автомобиль жолдарының сапасын жақсартуға ерекше мән береміз. Мен бұған дейін "Бейнеу-Шалқар" тасжолы құрылысының маңыздылығы жөнінде айттым. Жұмыс өте баяу жүріп жатыр. Үкіметке құрылысты бастау үшін қажетті құжаттарды жедел дайындауды тапсырамын", - деді Президент.

Мемлекет басшысы өңір тұрғындары облыстық деңгейдегі жолдың сапасы жөнінде жиі шағымданатынын айтты.

"Үкімет әкімдікпен бірлесіп, "Ақтау – Форт-Шевченко", "Таушық-Шетпе" жолдарын жөндеуге келесі жылдан бастап кірісуі керек. Жол сапасы – әр аймақтың даму деңгейін айқындайтын басты көрсеткіштің бірі.

Азаматтар дамудың нәтижесін жиналыстарда емес, күнделікті өмірде көріп, сезінуі қажет. Сондықтан экономиканың тұрақты дамуына тың серпін беру үшін облыстың инвестициялық әлеуетін арттырған жөн", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети