Тоқаев Бибісара Асаубаеваны құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Бибісара Асаубаеваны құттықтады іnstagram.com/bibisarachess

Мемлекет басшысы шахматтан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған Бибісара Асаубаеваны құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы шахматтан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған Бибісара Асаубаеваны құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтың блиц түрінен әйелдер арасында әлем чемпионы атанған даңқты шахматшы Бибісара Асаубаеваны құттықтады.

Мемлекет басшысы екінші рет қатарынан алтын медаль иеленген Бибісараның жеңісі оның асқан шеберлігі мен ерен ерік-жігерін тағы бір рет паш еткенін айтты.

Оның айтуынша, әлемдік сайыстағы отандық спортшылардың осындай елеулі жетістіктері елімізді интеллектуал ұлт ретінде танытып, Қазақстанда шахмат спортының дәріптелуіне ықпал етеді және мыңдаған жас өрендерді жігерлендіреді.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваға әлемдік шахмат аренасында жарқын жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети