Тоқаев билбордтардағы суреті жайлы: Мұны орынсыз деп санаймын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев билбордтардағы суреті жайлы: Мұны орынсыз деп санаймын

Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында халықпен кездесу барысында өзінің суреті қойылған билбордтарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

"Ақтауда менің суретім қойылған оннан аса билборд жайлы естідім. Мұны орынсыз деп санаймын, ондай сипаттағы насихаттау маған керек емес", - деп келтіреді Тоқаевтың сөзін баспасөз қызметіндегілер.

"Билбордтарды мемлекетімізді Елбасымызбен бірге жетістікке жеткізгендерге арнау керек. Бұл менің барлық деңгейдегі әкімдерге беретін тапсырмам", - деді Президент.

© twitter.com/alexcosmonavt

Еске салайық, 11 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауға жұмыс сапарымен барған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети