Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатысуы туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатысуы туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол Президенттің баспасөз қызметіне БАҚ өкілдерінен Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатысатын-қатыспайтыны туралы сауалдар келіп жатқанын айтып, сұраққа жауап берді.
"Ресей тарапынан парадқа шақыру келген жоқ. Сондықтан Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде Мәскеуге сапар жоспарланбаған", - деді Берік Уәли Facebook-парақшасында.
Жеңіс шеруі 9 мамырда Мәскеудің "Қызыл алаңда" өтеді.
Тоқаев 2020 жылы Мәскеуде өткен салтанатты шеруге қатысқан. Биыл Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери шеру өткізу жоспарланбаған. Сондай-ақ, қазақстандық әскерилер 2021 жылы Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына қатыспайтыны белгілі болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!