Тоқаев бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ғалымдарды мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ғалымдарды мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі мен ғылыми қызметтегі ерекше еңбегі үшін "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" ҚБ президенті Жұрынов Мұрат І-дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталсын", – делінген Жарлықта.

IІІ дәрежелі "Барыс" орденімен

  • Әбділдин Жабайхан - "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" РҚБ академигі
  • Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы - "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" РҚБ академигі
  • Кішібеков Досмұхамед  - "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" РҚБ академигі;

"Парасат" орденімен

  • Байкөншеков Жұмаділ Жанабайұлы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті КеАҚ орталығының директоры 
  • Блиев Назарбай - "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі 
  • Жәрменов Әбдірасул Алдашұлы - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" РМК бас директоры 
  • Күрскеев Әбдірахман Козлоевич - Білім және ғылым министрлігінің "Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты" РМК бас ғылыми қызметкері
  • Пак Иван Тимофеевич - "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ шетелдік мүшесі 
  • Сманов Бақтияр Өрісбайұлы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті КеАҚ профессоры
  • Таймағамбетов Жәкен  Қожахметұлы - "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" РҚБ академигі; 

"Құрмет" орденімен

  • Әбсадықов Бахыт Нәрікбайұлы - А.Бектұров атындағы химия ғылымдары институты АҚ бас ғылыми хатшысы
  • Бисенбаев Амангелді Қуанбайұлы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті КеАҚ Биология және  биотехнология проблемалары ғылыми-зерттеу институтының директоры
  • Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы - Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті КеАҚ ректоры
  • Косов Владимир Николаевич - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті КеАҚ кафедра меңгерушісі
  • Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы - Білім және ғылым министрлігінің "Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты" РМК директоры
  • Медеу Ахметқал - "География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы 
  • Өмірбаев Уалбай Утмаханбетұлы - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті КеАҚ профессоры 
  • Раманқұлов Ерлан Мирхайдарұлы - Денсаулық сақтау министрлігінің "Ұлттық биотехнология орталығы" РМК бас директоры
  • Рахимов Қайролла Дүйсенбайұлы - С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті КеАҚ кафедра меңгерушісі
  • Төлешов Амандық Қуатұлы - Білім және ғылым министрлігінің "Академик Ө.Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты" РМК бас директоры;

 "Ерен еңбегі үшін" медалімен

  • Дәулетов Асқар Ербұланұлы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті КеАҚ деканы.

 Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro