Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Ақорда" резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті.

Сенім грамоталарын:

  • Беларусь Республикасының елшісі Алексей Богданов,
  • Таиланд Корольдігінің елшісі Пияпин Нийомреркс,
  • Молдова Республикасының елшісі Штефан Горда,
  • Мьянма Одағы Республикасының елшісі Тит Линн Оун,
  • Кения Республикасының елшісі Питер Мутуку Матуки,
  • Албания Республикасының елшісі Блерта Кадзадеш,
  • Италия Республикасының елшісі Антонелло де Риу тапсырды.

Мемлекет басшысы дипломаттарды Қазақстандағы миссияларының басталуымен құттықтап, еліміздің өзара мүддеге негізделген ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бейбіт әрі көпвекторлы сыртқы саясат ұстанатынын айтты. Президенттің айтуынша, халықаралық қатынастарда диалог пен ықпалдастық қағидаттары басшылыққа алынуға тиіс және БҰҰ Жарғысын қатаң сақтау айрықша маңызды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети