Тоқаев Бішкекте ҚазҰУ филиалының ашылуына қатысты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Бішкекте ҚазҰУ филиалының ашылуына қатысты

Қазақстан Президентінің Қырғызстанға жасаған ресми сапарының бағдарламасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың Бішкекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалының ашылу рәсіміне қатысуымен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев екі мемлекеттің басшыларына университет аудиторияларын көрсете жүріп, оқу ордасының білім беру және ғылыми жобалары, соның ішінде қырғыз студенттері үшін грант бөлу жоспары туралы айтты.

Университетті аралап көру барысында президенттер жоғары оқу орнының оқытушы-профессорлар құрамымен және ҚазҰУ-дің  қырғызстандық түлектерімен әңгімелесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Құрметті қонақтар кітабына" қолтаңбасын қалдырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети