Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Өркениеттер альянсы жөніндегі жоғары өкілі, БҰҰ ислам фобиясымен күрес жөніндегі арнаулы өкілі Мигель Анхель Моратиносқа берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің құрмет медалімен:
1. Мысыр Араб Республикасының бас мүфтиі Назир Мұхаммед Аяд;
2. Татарстан Республикасы Мұсылмандар діни басқармасының төрағасы Камиль Самигуллин;
3. Тәжікстан Республикасы Улемдер кеңесінің төрағасы Саидмукаррам Абдукодирзода;
4. Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог дикастериясының префекті Джордж Джейкоб Кувакад;
5. Минск және Заславль митрополиті, бүкіл Беларусь Патриархының экзархы Вениамин (Виталий Тупеко);
6. Израильдің бас ашкеназ раввині Кальман Бер;
7. Израильдің бас сефард раввині Давид Йосеф;
8. Бахаи халықаралық қоғамдастығының бас хатшысы Дэвид Рутштейн;
9. Дүниежүзілік буддашылар бауырластығының президенті Фаллоп Тайари;
10. Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының бас директоры Салим Мұхаммед әл-Малик;
11. Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев;
12. Діни және дәстүрлі бітімгерлер желісінің атқарушы директоры Мұхаммед Эльсаноуси;
13. Еуразияның еврей қауымын қолдау жөніндегі ұлттық коалицияның атқарушы вице-төрағасы, бас атқарушы директоры Марк Барри Левин;
14. Біріккен Ұлттар Ұйымы Өркениеттер Альянсының директоры Нихал Саад;
15. Израильдің бас ашкеназ раввинінің өкілі Шломо Менахем Кук наградталды.
Ізгі ниет елшілерінің айрықша белгілерімен:
1. Исламабад халықаралық ислам университетінің Исламды зерттеу институтының бас директоры Мұхаммед Зия Уль-Хак;
2. БАӘ Толеранттылық және бейбіт қатар өмір сүру министрлігінің бас директоры Афра Әл Сабри;
3. Мартин Лютер Інжіл-Лютеран одағының бас хатшысы Михаэль Хюбнер;
4. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкілі Болат Сәрсенбаев марапатталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!