Тоқаев: БҰҰ-ға балама жоқ

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Ақорда Фото: Ақорда

"ШЫҰ плюс" саммитінде сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның қазіргі рөлін атап өтіп, бұл ұйымға балама жоқ екенін, ал оның әлеуеті сарқылмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"ШЫҰ плюс" саммитінде сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның қазіргі рөлін атап өтіп, бұл ұйымға балама жоқ екенін, ал оның әлеуеті сарқылмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, "тұрақтылықты ұжымдық күш пен дана дипломатияның арқасында ғана қамтамасыз етуге болады".

"Біздің көзқарасымыз бойынша, бейбіт және үйлесімді дамудың күн тәртібінде ұжымдық ілгерілету басты міндет болып қала береді. Әлемдегі түйіндік қайшылықтарды шешу және тұрақтылықты қамтамасыз ету тек ұжымдық күш пен дана дипломатияның арқасында мүмкін болатынына сенімдімін. Осыған байланысты келесі жылы өзінің 80 жылдығын атап өтетін БҰҰ-ға үлкен үміт артылады, бұл ұйымға балама жоқ. Оның әлеуеті сарқылған жоқ. Біздің ортақ міндетіміз – БҰҰ-ның ХХІ ғасырдың сын-тегеуріндеріне төтеп бере алатын жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі институты ретіндегі рөлін күшейту. ШЫҰ-ның дауысы халықаралық аренада қазіргі заманның түрлі мәселелері бойынша шоғырландырылған ұстанымды ілгерілете отырып, қаттырақ болуы тиіс және солай болады. Сондықтан, қабылдаған тату көршілік, сенім және серіктестік туралы мәлімдеме өзекті болып табылады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның 80 жылдығына және ШЫҰ мен БҰҰ ынтымақтастығының 20 жылдығына орай Қазақстанның әділ бейбітшілік, келісім және даму бастамасын қолдау үшін БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарын қабылдауды ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro