Тоқаев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін реформалауға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін реформалауға қатысты пікір білдірді Фото: un.org

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазандағы БРИКС плюс саммитінде сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазандағы БРИКС плюс саммитінде сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін реформалауды және оны Африка, Латын Америкасы мен Азиядан келген жаңа мүшелер есебінен кеңейтуді қолдайды. Жаһандық оңтүстік елдерінің дауыстары бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелерін шешуде маңызды болуы керек. БРИКС бұл процесте жаһандық басқару құрылымында орта державалар мен дамушы экономикалардың өкілдігін күшейту арқылы шешуші рөл атқара алады", - деді Тоқаев"БРИКС плюс" форматындағы кездесуде.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан БРИКС-ті жаһандық прогрестің қозғаушы күштерінің бірі ретінде қарастырады.

"Қазақстанның 2023 жылы сыртқы сауда айналымының жартысына жуығы болатын бірлестік елдерімен сауданың серпінді өскенін мәлімдейміз", - деп қосты Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, ол Қазақстан БРИКС кеңістігінде транзиттік-көліктік ынтымақтастықты нығайту үшін тығыз өзара іс-қимылға дайын екенін мәлімдеді. Қазақстан "белдеу және жол" бастамасын, сондай-ақ "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізін одан әрі дамытуға ерекше мән береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети