Тоқаев БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарымен кездесті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюркпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюркпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Фолькер Тюркке ілтипат білдіре отырып, оның бұл сапары Қазақстан мен БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы еліміздің адам құқықтарын қорғау мәселесі бойынша тығыз қарым-қатынас орнатуға және ақпарат алмасуға дайын екенін мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, Қазақстан БҰҰ-ның негізгі конвенциялары мен хаттамаларының бәрін ратификациялады және ұлттық деңгейде адам құқықтары саласында өзара белсенді іс-әрекет механизмдері жасалды.

Өз кезегінде Фолькер Тюрк қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты және осы жылдарда адам құқықтары мәселесі бойынша ұйымның Қазақстан билігімен арадағы қалыптасқан қарым-қатынасына оң баға берді.

Сондай-ақ Жоғарғы комиссар Президенттің бастамасымен еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде жүргізіліп жатқан өзгерістердің уақтылы қолға алынғанын атап өтті.

"Мен соңғы жылдары сіздің еліңізде болып жатқан оқиғаларды бақыладым. Біз үшін азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесі реформалардың ажырамас бөлігі болғаны өте маңызды. Өйткені елдің болашағы осыған байланысты. Әрбір елдің келешегі Біріккен Ұлттар Ұйымы мен бүкіл әлем сүйенетін іргелі қағидаттарға негізделуге тиіс деп ойлаймыз. Биыл Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылданғанына 75 жыл толады. Біз бұл атаулы датаны әлемде қалыптасқан қайшылықтарды еңсеру мүмкіндігі ретінде қарастырғымыз келеді", – деді Фолькер Тюрк.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro