Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы ВИЧ/СПИД жөніндегі Арнаулы өкілі Мишель Казачкинді қабылдады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы ВИЧ/СПИД жөніндегі Арнаулы өкілі Мишель Казачкинді қабылдады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төраға кейінгі отыз жылда күллі әлемдегі денсаулық сақтау саласының сапасы мен тиімділігін арттыруға елеулі үлес қосқан белгілі ғалым М.Казачкиннің қызметі туралы жылы шырай білдірді.
Қ.Тоқаев жұқпалы аурулар және сырқаттармен орнықты күресті дамыту саласы БҰҰ-ның жаңа Күн тәртібі аясындағы басымдықтардың бірі болып белгіленгенін атап өтті. "2030 жылдарға қарай ВИЧ/СПИД індеттерін жою –халықаралық қоғамдастықтан үйлесімді іс-қимыл талап ететін ортақ міндетіміз", - деп атап өтті Төраға. Сондықтан Қазақстан БҰҰ алаңдарындағы "Ғылым есірткілер мен ВИЧ-ке қарсы", "Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі ВИЧ және өкпе аурулары" және басқа да бірқатар халықаралық шаралардың қос ұйымдастырушысы болды.
Қазақстандағы ұлттық деңгейдегі ВИЧ/СПИД-пен күрес жөніндегі негізгі стратегиялық құжаттарға 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясы мен "Саламатты Қазақстан" бағдарламасы (2011-2015 жылдардағы) да іске қосылды. Төраға ВИЧ жұқтырғандарға мемлекеттік бюджет қаржысы және халықаралық ұйымдардың техникалық көмегі есебінен тегін дәрігерлік көмек көрсетілетінін айтты. ВИЧ/СПИД-тің алдын алу саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік қолдау жасалады.
Қ.Тоқаев Алматыда ЮНЭЙДС-тің ВИЧ/СПИД-тің таралуымен күрес жөніндегі Орталық Азия елдеріне арналған субаймақтық кеңсесін ашу туралы шешіміне қолдау білдірді.
БҰҰ Бас хатшысының Арнаулы өкілінің пікірінше, Қазақстан Орталық Азиядағы мигранттар арасындағы ВИЧ/СПИД және өкпе ауруларымен науқастану мәселелерінде оларды уақытында емдеу мақсатындағы үйлестіруші рөлін ала алады.