22 наурыз 2019 | 11:35

Тоқаев бюджеттік саладағы қызметкерлердің жалақысын өсіру уақытын жылжытуды тапсырды

Дина Муратова Редактор

Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусымнан бастап бюджеттік саладағы қызметкерлердің жалақысын өсіруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусымнан бастап бюджеттік саладағы қызметкерлердің жалақысын өсіруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үкіметке бюджеттік салада төмен жалақы алатындардың жалақысын көтеруді 1 шілдеден 1 маусымға ауыстыруды тапсырдым. Бұл шешім бір миллионнан астам азаматтық және мемлекеттік қызметкердің өміріне әсерін тигізеді", - деп жазған Тоқаев өзінің Twitter парақшасында.

Реклама
Реклама

Ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік бюджеттік саладағы қызметкерлердің айлығын 30 пайызға өсіруді тапсырған. Бұл шараға 2019-2021 жылдарға 980 миллиард теңге бөлінеді. Оған қоса Тұңғыш Президент аудандардағы, облыстардағы атқарушы органдарда төмен жалақы алатындардың жалақысын орташа есеппен 25 пайызға өсіруді тапсырған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная