Тоқаев: Біздің елде рейдерлік пен "крышалар" атымен болмауы керек

Тоқаев: Біздің елде рейдерлік пен "крышалар" атымен болмауы керек Көрнекі сурет: elements.envato.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлермен кездесуде елдегі рейдерлік мәселесі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлермен кездесуде елдегі рейдерлік мәселесі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің елде рейдерлік пен "крышалар" атымен болмауы керек. Егер бизнес адал жұмыс істеуге дайын болса, ерекше әрі заманауи болса, оны қолдау керек, ұлттық экономиканың жаңа моделіне қосылып кетуі үшін көмектесу қажет", - деді Тоқаев кәсіпкерлермен кездесуде.

Сонымен қатар, Тоқаев Мемлекет басшысы ретінде бәріне бірдей әділ ойын ережелері бар таза экономика құру саясатын жалғастыратынын атап өтті.

"Жайлы орын мен қызметтерді үлестіруге жол бермейміз", - деді Президент. 

Еске салайық, бүгін Ақордада Президент отандық бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп жатыр. Шараға Президент әкімшілігі мен Үкіметтің басшылығы, құқық қорғау органдары мен бақылау-қадағалау функциясы бар мемлекеттік органдардың жетекшілері де шақырылған. Күн тәртібінде бизнестің құқығын қорғау, кәсіпкерлердің жаңа экономикалық саясатты іске асыруға атсалысу, шағын және орта бизнеске жүйелі қолдау көрсету мәселелері қарастырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети