Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға таза атом энергиясы өте қажет екенін айтып, экономиканы түсінбейтін популистердің жетегінде кетпеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға таза атом энергиясы өте қажет екенін айтып, экономиканы түсінбейтін популистердің жетегінде кетпеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Энергиямен жабдықтау жүйесі жұмысында тұрақты үзілістер байқалады. Мысалы, жақында еліміздің оңтүстігі электр қуатынсыз қалды. Біз ішінара көршілес мемлекеттердің энергетика жүйесінің жұмыс сапасына тәуелдіміз. Елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері шұғыл түрде шешілуі тиіс.
Жауапты тұлғалар атом электр станциясы құрылысына қатысты сұрақтарға дипломатиялық жолмен жауап беруден неге жалтаратынын түсінбеймін. Ашық айту керек қой: таза ядролық энергиясыз біз инвестицияны айтпағанда, бүкіл экономикадан айырыламыз. Аймақтағы көшбасшылықты жоғалтамыз. Бізге таза ядролық энергия өте қажет.
Экономиканы түсінбейтін популистердің жетегінде кетуге болмайды. Атом энергетикасының маңызын кәсіби түрде түсіндіру қажет", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президент былтыр Қазақстан айтарлықтай күрделі энергетикалық дағдарысқа тап болғанын айтты.
"Дизель отыны, ұшақ жанармайы, сұйытылған мұнай газы, электр энергиясы тапшылығы болды. Бұл дұрыс жоспарлау, бақылау жоқтығынан және жеке тұлғалар әрекетінен болды. Бүгінде сатылымға шығаратын газ тапшылығы қаупі бар.
Былтыр "Қазақгаз" ойланбастан жаңа өнеркәсіптік нысандарды газға қосуға мораторий енгізді. Соның салдарынан бірқатар өңірде жаңа жобаларды, оның ішінде жоғары технологиялық және экспортқа бағытталған жобаларды жүзеге асыруға газ жоқ", - деді Мемлекет басшысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!