Тоқаев CITIC Group директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев CITIC Group директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуаны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуаны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысу үшін Қазақстанға келген CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуамен кездесті.

Кездесуде энергетика, мұнай-химия өнеркәсібі, автожол құрылысы, минералды сектор, ауыл шаруашылығы және басқа да негізгі салалардағы серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен оны нығайту перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау битум зауытын жаңғырту жобасын тиімді іске асырғаны үшін CITIC Group компаниясына алғыс айтты. Өндіріс орнындағы жұмыстар биыл сәуір айында мерзімінен бұрын аяқталды. Президент Қазақстанның сенімді инвестициялық серіктесі ретінде CITIC Group компаниясының қызметіне жоғары баға берді.

Си Гохуа корпорацияның мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту, мұнай құбырларын тарту, Орталық – Батыс автокөлік жолын жөндеу, астықты терең өңдеу жобаларын бірлесіп жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланысты нығайту бойынша белсенді жұмыс жүргізудің маңызын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети