Тоқаев CLAAS Group компаниясы өкілін қабылдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев CLAAS Group компаниясы өкілін қабылдады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев CLAAS Group компаниясы Бақылау кеңесінің төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзерді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев CLAAS Group компаниясы Бақылау кеңесінің төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзерді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында Катрина Клаас-Мюльхойзер Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін кеңейту жөніндегі жоспарлары туралы айтты. CLAAS Group компаниясы былтыр Петропавлда комбайндарды, тракторларды, егіс кешендерін және астық жинау машиналарын құрастыратын зауытты іске қосты. Бүгінге дейін өнімділігі жоғары комбайндарды қосқанда 400-ден аса техника құрастырылды.

Сондай-ақ, Президентке ауыл шаруашылығы техникасы мен оның құрамдас бөліктері өндірісін оқшаулау шаралары туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің айтарлықтай әлеуетін атап өтіп, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту мен жергілікті қамтуды арттырудың маңызды екенін айтты.

Кездесуде ынтымақтастықтың дамуына оң баға берілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети