Тоқаев Даниал Ахметовті қабылдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:akorda.kz Фото:akorda.kz

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Даниал Ахметовтің аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есебін тыңдады.

Облыс әкімінің айтуынша, физикалық өсім индексі 5 пайызға жетсе, негізгі капиталға салынған инвестиция 5 пайыздан асқан. Ауыл шаруашылығы мен құрылыс салаларында да едәуір өсім байқалады.

Кездесуде экономиканы одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Өндіріс қарқынын екі есе арттыруға мүмкіндік беретін "Ақтоғай" металлургия кешенінің екінші кезегін аяқтау мәселесі сөз болды.

Сонымен қатар, Президентке өңірдегі білім беру нысандарын дәстүрлі форматқа көшіруге дайындық жұмыстары туралы ақпарат берілді. Білім беру саласының қызметкерлері түгелдей дерлік вакцина салдырған.

Жалпы, облыста күніне 10 мың адамға вакцина салынады. Негізгі контингентке қыркүйектің соңына дейін вакцинаның бірінші компоненті, ал қазанның соңына дейін екінші компоненті салынады. Жалпы 747 мың адамға екпе салу жоспарланған.

Даниал Ахметов Мемлекет басшысын бұқаралық спортты дамыту жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы да хабардар етті. Мектептегі спортты дамытуға қосымша 890 миллион теңге бөлінген. Бүгінде мектеп оқушыларының 50 пайыздан астамының спортпен шұғылдануға мүмкіндігі бар. Биыл тағы 15 ірі спорт нысанының құрылысын аяқтау жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді орындау маңызды екенін атап өтіп, өңірдегі көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға үздіксіз көмек көрсетуді тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro