27 мамыр 2020 17:08

Тоқаев дәрігерлердің жалақысын өсіруді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық дәрігерлердің жалақысын өсіруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық дәрігерлердің жалақысын өсіруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясының бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйесі үшін, шын мәнінде, ауыр сынақ болғанын атап өтіп, бұл ахуалдың Қазақстанда кәсіби дәрігерлердің тапшы екенін анық аңғартқанын жеткізді.

Сондай-ақ бұған еңбекақының аздығы, мамандықтың беделді болмауы, дәрігерлер құқының қорғалмауы себеп болып отырғанын айтты.   

"Түрлі сала мамандары ішінде ең төмен жалақыны дәрігерлер алады.   Үкіметке биылдан бастап дәрігерлердің еңбекақысын кезең-кезеңмен арттыруды тапсырамын. Олардың айлығы экономикадағы орташа жалақыдан екі жарым есе артық болуы керек. Бұл көрсеткішке 2023 жылға қарай қол жеткізу қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети