Тоқаев дәрігерлердің жұмысына кедергі келтіретіндерге ескерту жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев дәрігерлердің жұмысына кедергі келтіретіндерге ескерту жасады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдау, олардың мәртебесін көтеру – мемлекеттің негізгі міндетінің бірі екеніне тоқталды., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдау, олардың мәртебесін көтеру – мемлекеттің негізгі міндетінің бірі екеніне тоқталды., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Менің тапсырмаммен былтырдан бастап "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" атағы беріле бастады. Бұл – медицина қызметкерлеріне деген айрықша құрметтің белгісі. Соңғы 5 жылда денсаулық сақтау саласындағы жалақы екі есеге жуық өсті. Медицина кадрларын даярлайтын жоғары оқу орындары мен колледждердің шәкіртақысы көбейді. Жас мамандардың білікті дәрігерден тағылым алып, кәсібіне тез бейімделіп кетуіне барынша жағдай жасалуда. Жалпы, денсаулық сақтау ісіне бөлінетін қаржы жыл өткен сайын артып келе жатыр. Биыл оның көлемі 2,6 триллион теңгеге жетті. Мемлекет медицина қызметкерлеріне қолдау көрсете береді. Дәрігерді халықтың қамқоршысы деуге болады. Барша жұрт мұны терең түсініп, оларға әрдайым құрмет көрсетуге тиіс. Өкінішке қарай, қоғамда дәрігердің жұмысына кедергі жасап, тіпті, қоқан-лоқы көрсететін адамдар әлі де бар. Медицина қызметкерінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін заңсыз әрекетке жол беруге болмайды. Қоғамдық тәртіпті бұзатын осындай адамдар міндетті түрде заң аясында жауапкершілікке тартылады. Заң мен тәртіп барлық жерде бірдей қатаң сақталуға тиіс. Біз сонда ғана Әділетті әрі Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз. Осы орайда медицина қызметкерінің рөлі айрықша", – деді Мемлекет басшысы.

Президент дәрігерлердің еңбегі қашанда лайықты бағалануы керек екенін айтып, медицина майталмандарын мемлекеттік наградамен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойғанын жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети