Мемлекет басшысы ДДСҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесусты және ұйымның Еуропадағы өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюгені қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы ДДСҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесусты және ұйымның Еуропадағы өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюгені қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада өтіп жатқан Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференция аясындағы кездесу барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы қонақтарға ілтипат білдіре отырып, еліміз ең маңызды ұйымның бірі саналатын ДДҰ-мен халықаралық деңгейде нәтижелі қарым-қатынас жасап отырғанын атап өтті.
"Еліміз әрқашан Сіздің қызметіңіздің табысты болуына септігін тигізеді. Қазіргідей күрделі жағдайда ДДСҰ-ны басқару өте қиын екенін білемін. Бұл – нағыз сынақ. Сізге әлемдегі көптеген ел мен делегаттардың түрлі пікірлеріне құлақ асып, тиімді шешім табуға және мәміле жасауға тура келеді. Сізге табыс тілеймін. Біз өз тарапымыздан Сізге әрдайым көмектесеміз және қолдау көрсетеміз", - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев пандемиядан кейін аталған саланы қалыпқа келтіру, халық денсаулығын сақтау ісіндегі негізгі мақсаттарға қол жеткізу үшін денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға Қазақстанның белсенді түрде кіріскеніне назар аударды.
Президент ДДСҰ жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан тиісті бастамаларға толық қолдау көрсетуге еліміздің дайын екенін нақтылады.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге, соның ішінде халықты денсаулық сақтау қызметімен толық қамтуға, ана мен бала өлімінің деңгейін төмендетуге, сондай-ақ туберкулез эпидемиясын толықтай жоюға ниетті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!