23 қазан 2023 11:02

Тоқаев ДДСҰ конференцияcында алғашқы көмек көрсету жөнінде коалиция құруды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Aqorda.kz Aqorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен МСАК көрсету жөніндегі елдер коалициясын құруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен МСАК көрсету жөніндегі елдер коалициясын құруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордада Астана декларациясының қабылдануының 5 жыл және Алматы алғашқы медициналық-санитарлық көмек декларациясының қабылдануының 45 жыл толуына арналған "Алғашқы медициналық-санитарлық көмек саласындағы саясат пен практика: жоғары нәтижелерге ұмтылу" атты халықаралық конференция басталды.

Конференцияда сөз сөйлеген Президент барлық ел бүкіл әлемдегі адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға ұмтылуда біртұтас екенін және "бұған жету үшін бірлесіп жұмыс істеу керек" екенін айтты.

"ДДСҰ басшысының қатысуын пайдаланып, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің жаһандық ұсынысы қызметті үйлестіру үшін арнайы құрылым құрудан пайда көруі мүмкін. Мен ДДСҰ қолдауымен МСАК көрсету бойынша елдер коалициясын құруды ұсынамын. Бұл коалицияның негізгі міндеті денсаулық сақтаудың алдын алуды одан әрі ілгерілету, сондай-ақ МСАК дамыту бойынша бірлескен ұсынымдар әзірлеу болуға тиіс.

Мен жас делегаттардың МСАК саясаты мен практикасы туралы бүгінгі қорытынды мәлімдемесін асыға күтемін. Бұл мәлімдеме жастардың осы тақырып бойынша көзқарасын көрсететініне сенімдімін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети