Тоқаев ДДСҰ сессиясында мәлімдеме жасайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев ДДСҰ сессиясында мәлімдеме жасайды Фото: Берік Уәли/facebook.com

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 74-ші сессиясының жабылуында видеоүндеу жасайды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 19.00-ден кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 74-ші сессиясының жабылуында видеоүндеу жасайды", - деп жазды Берік Уәли Facebook-те.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше барлық 194 мемлекеттің делегациялары қатысатын іс-шара 24 мамыр мен 1 маусым аралығында өтеді. Сессияның негізгі тақырыбы: "Қазіргі пандемияның аяқталуы және алдағы індеттердің алдын алу: тиімді, қауіпсіз әрі бейбіт әлемді бірлесіп құру".

Іс-шараның тікелей эфирін ДДСҰ сайтынан көруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети