Тоқаев: Демонстранттар жауапкершілік танытуы керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев: Демонстранттар жауапкершілік танытуы керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы жағдай туралы тағы бір мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы жағдай туралы тағы бір мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кіріскенін мәлімдеді. 

"Құрамында Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті. Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді", - деді Тоқаев. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіп бұзылуына жол бермеу жөнінде тапсырма бергенін хабарлады.

"Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс", - деп жазды Тоқаев. 

Еске салайық, Жаңаөзен мен Ақтаудың мыңдаған тұрғыны жаңа жылдан кейін бағасы күрт шарықтап кеткен сұйытылған газ бағасын түсіруді талап етіп, көшеге шыққан болатын. Олар жолдарды жауып тастаған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тиісті тапсырма берді. Өңірдегі жанар-жағармай құю бекеттерінің қожайындары өз бастамасымен газ литрін 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін арзандату туралы шешім шығарған.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласында газ бағасын төмендетуді талап еткен көлік иелерімен кездескен болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети