Тоқаев: Діни қайраткерлер саясаткерлерді моральдық жауапкершілікке үндейтініне сенімдімін

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев: Діни қайраткерлер саясаткерлерді моральдық жауапкершілікке үндейтініне сенімдімін Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының айтуынша, өркениеттер байланысын дамытуда, сондай-ақ адамдар мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуда айрықша рөл атқаратын дінбасыларына зор үміт артылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысының айтуынша, өркениеттер байланысын дамытуда, сондай-ақ адамдар мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуда айрықша рөл атқаратын дінбасыларына зор үміт артылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Діни қайраткерлер саясаткерлерді парасаттылыққа, ізгілікке және моральдық жауапкершілікке үндеп, әлемнің құрдымға кетуіне жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына сенімдімін. Дүние жүзінде мұндай үлгі тұтар талпыныстар жоқ емес. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, Адамзат бауырластығы туралы құжат, Мекке декларациясы, Бахрейн форумы, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі "Ибраһим зәузатының үйі" – осы бастамалардың барлығы тізе қосып әрекет етсе, дін ұйыстырушы күшке айналатынын көрсетеді. Мұндай тәжірибені одан әрі дамытып, кеңінен тарату қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан әрі Президент Қазақстанның дінаралық және мәдениетаралық диалогты нығайтуға қатысты ұстанымымен бөлісті.

"Халықаралық және өңірлік ұйымдар деңгейінде діни дипломатияның әлеуетін пайдалану маңызды. Осыған дейінгі Съезд аясында көтерген "Бейбітшілік қозғалысы" атты идеямды талқылауды ұсынамын. Жоғарғы дін қызметкерлері зорлық-зомбылықты тоқтатуға және бітімге келу жолдарын іздеуге ешқандай саяси реңксіз, бейтарап үндеу жасау арқылы аталған қозғалысқа моральдық тұрғыдан демеу бола алар еді. Адам өмірінің құны, жанашырлық пен мейірбандық секілді жалпыға ортақ құндылықтарға негізделген бұл бастама діндар қауымды ғана емес, саясаткерлерді, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік емес құрылымдар өкілдерін, сарапшыларды, тіпті жастарды да біріктіре алады. Бейбітшілікті қорғау жолындағы үніміз әлдеқайда өршіл болуы қажет. Осы Съезд секілді алаңдар соған септігін тигізеді. Бұл ретте әзірге әлемде баламасы жоқ Біріккен Ұлттар Ұйымына үлкен сенім артамыз. Орайлы сәтті пайдаланып, Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын ашу туралы еліміздің ұсынысына қолдау білдіргені үшін Ұйымға мүше барлық мемлекетке ризашылығымды білдіремін. АӨСШК, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, ЕҚЫҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің ассоциациясы, Араб мемлекеттері лигасы секілді өңірлік құрылымдардың рөлін күшейту қажет", – деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети