Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысын қабылдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысын қабылдады Фото: Ақорда

Президент Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII cъезіне қатысу үшін Астанаға арнайы келген Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исамен кездесті.

Президент еліміздің діндер арасындағы диалогты дамыту бастамасына ұдайы қолдау көрсетіп, бейбітшілік пен келісім идеяларын насихаттауға елеулі үлес қосып келе жатқан ұйым басшысына ризашылығын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Қазақстан ішкі және сыртқы саясатта дінаралық, сондай-ақ мәдениетаралық келісімді сақтауға ерекше мән береді. Президент 22 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылатын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі осының айқын көрінісі екенін атап өтті. Сонымен қатар ортақ күш-жігердің арқасында Қазақстанның бастамасы жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға зор ықпал ететінін айтты.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы ынтымақтастық одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы Астанадағы дәстүрлі съезді адамгершілік құндылықтарын дәріптейтін ерекше пікір алмасу алаңы ретінде жоғары бағалап, еліміздің өсіп-өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы әлемдегі конфессияаралық келісімді нығайтуға және ислам өркениетін кеңінен танытуға қосқан елеулі үлесі үшін Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети