Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанның астанасына АІӨСШК саммитіне қатысу үшін келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің V саммитіне қатысу үшін Душанбе қаласына келді. Мемлекет басшысы аталған саммиттің пленарлық мәжілісіне қатысады және бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.