14 қазан 2021 | 17:55

Тоқаев ЕАЭО елдеріне пандемиямен күресу үшін ортақ жобалар құруды ұсынды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің көшбасшыларына пандемиямен күресу үшін ғылым мен фармацевтика саласында бірлескен жобалар әзірлеуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің көшбасшыларына пандемиямен күресу үшін ғылым мен фармацевтика саласында бірлескен жобалар әзірлеуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) отырысы онлайн-форматта өтіп жатыр.

Қазақстан Президенті Қазақстанның коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын жасағанын еске салды. Сондай-ақ, ол пандемия кезіндегі интеграциялық ынтымақтастықтың ерекше мысалы ретінде Қарағандыда ресейлік "Спутник V" вакцинасын өндіру жобасын атады.

Реклама
Реклама

"Менің ойымша, біз пандемияны сәтті еңсеру үшін күш-жігерімізді біріктіріп, ғылым мен фармацевтика саласындағы бірлескен жобаларды әзірлеп, қажет болған жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық режимдерді белгілеу жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіруіміз керек", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная