14 маусым 2021 | 16:15

Тоқаев ЕАЭО келісіміне түзетулерді ратификациялады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Хаттамаға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет басшылары 2019 жылғы 1 қазанда Ереванда қол қойған. Бұған дейін Қазақстанның қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Кеден кодексінің нормаларымен алдын ала төлем институтын енгізу көзделгенін айтқан болатын. Осыған байланысты шартқа түзетулер енгізу қажеттігі туындаған.

Алдағы кедендік төлемдер мен салықтарды, өсімпұлдар мен пайыздарды төлеу есебіне енгізілген ақша аванстық төлем деп танылады.

Қазіргі уақытта кедендік ресімдеу кезінде шамамен алты төлем түрі мен салық төленуі мүмкін. Хаттаманы ратификациялау сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кедендік декларация, кедендік баждар, қосымша құн салығы, акциздер, арнайы, демпингке қарсы кедендік баждарды төлеу үшін бірнеше төлем тапсырмаларын пайдалану қажеттілігімен байланысты уақыт пен қаржылық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Өтемақы баждары, сондай-ақ тексеру кезінде уақытша сақтау қоймаларына орналастыру, кеден құнын растау сияқты операцияларда кедендік баждарды төлеу жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолда бар аванстық төлемдерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети