Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ нарықтарына байланысты Қазақстанда жанар-жағармай материалдары бағасының өсуіне жол бермеу туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ нарықтарына байланысты Қазақстанда жанар-жағармай материалдары бағасының өсуіне жол бермеу туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Үкімет бизнес қауымдастықтың назарын ЕАЭО бірыңғай нарығын қалыптастыруға байланысты ашылатын мүмкіндіктерге назар аударуы қажет. Атап айтқанда, Қазақстан ЕАЭО электр энергетикалық нарығы аясында отандық электр энергетикасы саласының экспорттық әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік алды.
2025 жылы ЕАЭО аясында газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтары құрылады. Біз ішкі нарықтағы ЖЖМ-дың бөлшек сауда бағасының өсуіне жол бермеуіміз керек", - деді Тоқаев Сенаттағы үкімет сағатында.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев одақ аясындағы сандық жүйеге көшіру саласына назар аударды.
"Қазақстандық тауарлардың транзитін жеңілдету және Одақ аясында олардың орнын ауыстыру үшін, сондай-ақ ЕАЭО елдеріндегі серіктестермен байланысты дамыту үшін 2025 жылға дейін ЕАЭО сандық күн тәртібі аясында сандық жүйеге көшіру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біз бірыңғай сандық кеңістікті дамытудан нақты экономикалық тиімділік алуымыз керек. Бұл тұрғыда Еуразиялық электрондық еңбек биржасын құру жөніндегі қазақстандық бастама үлкен қызығушылық тудырады", - деді Тоқаев.