Тоқаев екі өңір әкімімен телефон арқылы сөйлесті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы Маңғыстау және Қызылорда облыстарының әкімімен санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайды талқылады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы Маңғыстау және Қызылорда облыстарының әкімімен санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайды талқылады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Президентке COVID-19 індетіне қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар, соның ішінде, халыққа екпе егу және малды жем-шөппен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде баяндады.

"Мемлекет басшысы облыс тұрғындарына екпе салу қарқынын арттыру жөніндегі жұмыстарды күшейтуді, сондай-ақ, еңбек дауларын реттеу және болдырмау, өндіріс орындары мен мұнай кәсіпорындарына қызмет көрсететін мекеме жұмысшыларына әлеуметтік қолайлы жағдайды қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар, Президент Үкіметке әкімдікпен бірлесіп, қуаңшылық салдарына және жайылымдық жерлердегі шөптің тапшылығына байланысты қалыптасқан жағдай бойынша фермерлер мен ауыл тұрғындарын қолдау үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды", - деп жазды Берік Уәли Facebook-парақшасында.

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысына коронавирус індетімен күресте жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Өңірдегі вакцина салдыруға тиісті тұрғындардың 52 пайызы екпе алған.

Сонымен қатар, облыс әкімі аймақтағы су шаруашылығына қатысты жағдайды да баяндады. Бүгінде Сырдария өзені арқылы облысқа секундына 550 текше метр су келеді. Шаруашылық субъектілеріне су беру кезегі мен оның көлемін анықтайтын жұмыс комиссиясы құрылған.

"Арал ауданында 12 шілдеде төтенше жағдай жарияланған. Осыған байланысты Үкімет резервінен және облыстық бюджеттен жем-шөп субсидиясына, сондай-ақ, су арналарын тазартуға және ұңғымалар қазуға қаржы бөлу туралы шешім қабылданған.

Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкіміне халықты вакциналауға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, мұнай-газ саласындағы проблемаларды шешу үшін кешенді амал қарастыруды, сондай-ақ, Қызылорда облысына қарасты аудандардағы зардап шеккен шаруашылық субъектілеріне жем-шөп дайындауды қамтамасыз етуді тапсырды", - деп жазды Берік Уәли.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro