Тоқаев Екібастұздағы ТЖ туралы: Бізде қордаланған мәселелерді үндемей қалдыру тәжірибесі бар

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Екібастұздағы ТЖ туралы: Бізде қордаланған мәселелерді үндемей қалдыру тәжірибесі бар Фото:t.me/KZgovernment

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұздағы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұздағы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаев Екібастұздағы жағдай - нағыз апат екенін атап өтті.

"Қала тұрғындарына шыдамдылық пен азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Еріктілерге жұмысы үшін алғыс айтқым келеді.

Бұл жағдай мемлекеттік органдар мен табиғи монополиялар субъектілерінің жылу беру маусымына деген жауапсыздығын айқын көрсетті. Бізде қордаланған мәселелерді үндемей қалдыру тәжірибесі бар. Оның салдары ауыр болды, оларды жою үшін үлкен ресурстар қажет болды. Менің ойымша, бұл жайттан сабақ алу керек, неге бұлай болғанын анықтау үшін тергеу жүргізу керек. Әрі қарай тиісті шешім қабылдаймыз", - деді Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети