Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Екібастұз қаласының тұрғындарымен кездесуінде көпбалалы ана Аяна Смағұлова өтініш білдірген еді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Екібастұз қаласының тұрғындарымен кездесуінде көпбалалы ана Аяна Смағұлова өтініш білдірген еді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала тұрғындары атынан әйел қалада балаларға арналған шығармашылық үйін салуды сұрады.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өскелең ұрпақтың шығармашылық және интеллектуалдық қабілетін дамытуға арналған бұл әлеуметтік нысанды салу туралы шешім қабылданды. Қаржы көздері табылды. Шығармашылық үйі демеушілер есебінен салынады", - деді Желдібай Facebook парақшасында.
Облыс әкімдігіне жобаның жүзеге асырылуын бақылауға алу тапсырылды.
Еске салайық, 9 тамыз күні Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Павлодар облысына келген болатын. Мемлекет басшысына жылумен жабдықтау нысандарындағы ірі апаттармен қаланың алдағы жылу беру маусымына дайындығы туралы баяндалды.
Президент Үкімет мүшелері мен әкімдік қызметкерлеріне қазақстандықтардың "шыдамдылығын сынауға" болмайтындығын ескертті. ЖЭО мен жылу жүйелеріндегі апаттардың алдағы уақытта қайталанбауы үшін шаралар қабылдануы тиіс.
Мемлекет басшысы жаңа экономикалық модельге көшу қажеттігін де мәлімдеді. Тоқаев алдағы қыркүйекте жарияланатын Қазақстан халқына Жолдауында елдің экономикалық саясаты туралы өз көзқарасын ұсынуды жоспарлап отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!