Тоқаев елдегі бүкіл майнинг компанияларын анықтауды тапсырды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда майнингке салынатын салықты арттыруды және тексеруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда майнингке салынатын салықты арттыруды және тексеруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Криптовалюта өндірісінің әлеуметтік-экономикалық әсері аз. Жаппай жұмыс орындары құрылмайды, нақты өнім жоқ. Сонымен қатар, бұл сала электр энергиясын бірнеше облыс сияқты пайдаланады. Кейбір жосықсыз криптовалюта өндірушілер халыққа берілетін тарифтерден төмен тарифтерді пайдаланады. Импорттық жабдыққа салықтар мен баж салығы төленбейді. Ең бастысы, бұрынғы ресурстарды сарқып, ақша тауып жатыр", - деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы Қаржы мониторингі агенттігіне жағдайды жан-жақты қарауды тапсырды.

"Барлық криптовалюта өндірушісін анықтап, салық және кеден мәселелерін тексеріп, техникалық келісімшарттарды, сондай-ақ қызметтің басқа да аспектілерін мұқият зерделеу қажет. 19 наурызға дейін есеп беруді тапсырамын", - деді Мемлекет басшысы.

Бұл ретте Тоқаев мемлекет заңды майнингке қарсы емес екенін баса айтты.

"Бірақ бұл салада жұмыс істегісі келетіндердің тиісті лицензиясы болуы, сәйкес тариф бойынша электр қуатын алуы, кірістерін декларациялауы және салық төлеуі, жасыл энергетика жобаларын іске қосуы керек", - деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, ол криптовалюта өндіру салығы өсетінін мәлімдеді.

"Қазіргі мөлшерлеме – электр қуатының бір киловатына 1 теңге - мардымсыз. Үкіметке бұл салықты тез арада еселеп көтеруді пысықтауды тапсырамын. Үкіметке цифрлық майнинг жұмысын реттеу және дамыту бойынша толыққанды шешімдер пакетін әзірлеу керек. Нәтижесін 1 сәуірге дейін күтемін", - деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Қазақстанда 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап цифрлық майнингке салық енгізілген болатын.

БАҚ мәліметінше, Қазақстан криптовалюта өндіруден әлемде АҚШ-тан кейін екінші орында тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro