06 қаңтар 2025 | 15:21

Тоқаев электровоз құрастыру зауытының жұмысымен танысты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Президент электровоз құрастыру зауытының жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Президент электровоз құрастыру зауытының жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Астана қаласының №1 индустриялық паркіндегі электровоз құрастыру зауытын аралап көрді.

Кәсіпорынды Индустрияландыру картасы аясында Францияның Alstom компаниясы іске қосқан.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа кәсіпорынның жұмысы туралы жан-жақты мәлімет берілді. Зауытта "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының тапсырысымен 380 жүк және 70 жолаушылар электровозы шығарылған. Сондай-ақ олардың қосалқы бөлшектері өндіріледі. Бұдан бөлек, жүк электровоздарының 80 секциясы Әзербайжанға экспортталған. Қазір кәсіпорын нарыққа локомотив корпустары, трансформаторлар, төмен және жоғары вольтты шкафтар және басқа да өнім түрлерін ұсынады.

Президентке зауытта жаңа буын локомотивін құрастыру жобасы қолға алынғаны туралы баяндалды. Оның өзіндік құны бұрынғы нұсқасымен салыстырғанда 40 пайызға төмен, ал тиімділігі 20 пайызға жоғары. Жаңа жүк электровоздарының өндірісі 2028 жылдан бастап іске қосылады.

Қазір Alstom компаниясы Астана, Алматы, Шу және Арыс қалаларында сервистік орталықтар ашуға инвестиция құйып жатыр. Бұл 700 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы теміржолға қажетті құрал-жабдықтар шығаратын отандық кәсіпорындардың өнімдері көрмесін аралады. Қазір елімізде 600-ден астам компания теміржол саласына арналған бөлшектерді өндірумен айналысады. Олардың өнімдері мен қызметі 25 елге экспортталған.

Электровоз құрастыру зауытында еңбек ететін жас мамандармен жүздесуде Президент 2025 жыл "Жұмысшы мамандықтар жылы" болып жарияланғанын еске салып, мемлекет өндіріс саласында жұмыс істейтін жастарға қолдау көрсете беретінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.47  course up  545.71  course up  4.93  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer