19 сәуір 2023 11:38

Тоқаев: Еліміз "орташа кіріс тұзағында" тұрып қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің экономикалық өсімді қамтамасыз етуде амбициялы болуы керектігін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің экономикалық өсімді қамтамасыз етуде амбициялы болуы керектігін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Экономикамыз өткен жылы небәрі 3,2 пайызға, ал биыл 3 айда 4,9 пайызға өсті. Әрине, көрсеткіш жаман емес, бірақ қанағаттану мен оптимизмді тудырмауы керек. Біз өсудің қосымша көздерін іздеуіміз керек. Соңғы 10 жылдағы экономиканың инерциялық өсу қарқыны еліміздің "орташа кіріс тұзағына" ілініп қалуына әкеліп соқты. Егер біз қазір сапалы экономикалық өсімге берік негіз құрмасақ, онда халық табысының тоқырауы алыс емес", - деді Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанның табысы жоғары елдер санатына өтуі үшін жыл сайынғы өсімді 6 пайыз деңгейінде, яғни қазіргіден бір жарым есе жоғары деңгейде қамтамасыз ету қажет екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети