Тоқаев елордадағы Гейдар Әлиев көшесі атауын басқа лайықты нысанға ауыстыруды тапсырды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесіп, оның барысында Астанадағы Ильхам Әлиевтің әкесінің атымен аталатын көшені басқа лайықты орынға ауыстыратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесіп, оның барысында Астанадағы Ильхам Әлиевтің әкесінің атымен аталатын көшені басқа лайықты орынға ауыстыратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент өзінің жуырда Бакуге жасаған сапары қазақ-әзербайжан қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтергенін атап өткен.

"Елімізге келіп, саммитке қатысқаныңыз үшін алғыс айтамын. Екіжақты қарым-қатынасқа арнайы тоқталғым келеді. Бакуге сапарым кезінде көрсеткен қонақжайлығыңызға ризашылығымды білдіремін. Біздің келіссөздеріміз табысты болды және шет мемлекеттердегі саяси және экономикалық топтардың назарын аударды. Біз Әзербайжанды одақтасымыз, стратегиялық серіктесіміз деп есептейміз. Әрқашан осы бағытты ұстанамыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан мен Әзербайжан президенттері қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдау жөнінде үкіметтерге тапсырма берілгенін атап өтті.

"Әзербайжан өз аймағында ғана емес, кең географиялық ауқымда да маңызды рөл атқарады. Қазір күн тәртібінде "Орта дәлізді" дамыту мәселесі тұр. Біз де осы форматтағы жұмыстарды жалғастыруға мүдделіміз", - деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар президенттер екі елдің мәдени-гуманитарлық саладағы өзара табысты іс-әрекетін, оның ішінде Қазақстан мен Әзербайжанның тарихи және мәдени құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған бірқатар бірлескен жобаның жүзеге асырылуын жоғары бағалады.

"Біз Әзербайжанның көрнекті мемлекет қайраткері Гейдар Әлиев атындағы көшені ауыстыру туралы айттық. Елордамызда оған лайықты орын бар деп санаймын. Мұндай орын табылды. Мен оны мақұлдадым. Ендігі мәселе уақыттың еншісінде", - деді Тоқаев.

Өз кезегінде Ильхам Әлиев АӨСШК саммитіне шақырғаны және қазақ халқының дәстүрлі қонақжайлығы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдірген.

"Бауырлас Қазақстанға келгеніме өте қуаныштымын. Сондай-ақ өткізілген саммиттің оң нәтижелерімен құттықтағым келеді. Бұл Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлі мен беделі жоғары екенін көрсетеді. Ең алдымен, Гейдар Әлиұлы Әлиевті еске алып, құрмет көрсеткеніңіз үшін алғыс айтқым келеді. Сіздің сапарыңыздан бері біз жақсы жетістіктер мен нәтижелерге қол жеткіздік", - деді Әзербайжан президенті.

Сонымен қатар кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары мен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro