Тоқаев ең төменгі жалақы мөлшерін өсіру туралы шешім қабылдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев ең төменгі жалақы мөлшерін өсіру туралы шешім қабылдады Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда ең төменгі жалақы өсетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда ең төменгі жалақы өсетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

"Мен ең төменгі жалақыны 60-тан 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл 1,8 миллион азаматтың кірісіне тікелей әсер етеді.

Зейнетақы жүйесін қайта іске қосу қажет. Ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал ең жоғарысын 120 пайызға дейін дәйекті түрде жеткізу қажет. Бұл бұрынғы қабылданған шешімдермен бірге 2025 жылға қарай зейнетақының жалпы көлемін орта есеппен 27 пайызға арттыруға мүмкіндік береді", - деді Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети