Тоқаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды.

Светлана Жақыпова биылғы 1 мамырға дейін 157,8 мың адамды еңбекпен қамту шаралары жүргізілгенін жеткізді. Олардың ішінде 143,2 мың азамат жұмысқа орналастырылған. Жыл басынан бері 232 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген.

Президентке еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбек құқығын қорғау бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат берілді. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде өндірістік жарақат алу көрсеткіші биылғы І тоқсанда 17 пайызға төмендеді, ал өлімге әкеп соғатын қайғылы оқиғалар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға азайды. Бұдан бөлек, кәсіптік тәуекелдерді анықтау, бағалау және алдын алу, сондай-ақ еңбек қатынастарын декларациялау тетіктерінің автоматтандырылған жүйесі енгізіліп жатыр.

Светлана Жақыпова Жобалардың инновациялық навигаторын енгізу жөнінде айтты. Бұл мемлекеттік инвестицияның тиімділігін арттыру және жұмыс орындарын сапалы түрде жоспарлау үшін әзірленді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік қолдау көрсету үдерісін цифрландыру жұмыстары таныстырылды. Атап айтқанда, министр әлеуметтік-экономикалық орнықтылық пен осал отбасыны бағалауға арналған скорингті моделді қолдану тұжырымдамасын ұсынды. Бұл жобаны енгізу қаражатты шын мұқтаж жандардың пайдасына қайта бөлуге және қолдау шараларының нақты иесіне жетуіне мүмкіндік береді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы әлеуметтік саясатты одан әрі жетілдіруге, атаулы көмектің тиімділігін арттыруға, жұмыспен қамту шараларын кеңейтуге, еңбек және әлеуметтік салаларды цифрландыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети