06 қаңтар 2022 | 00:05

Тоқаев: Енді барынша қатаң әрекет етемін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан қалаларындағы митинг салдарынан барынша қатаң әрекет ететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан қалаларындағы митинг салдарынан барынша қатаң әрекет ететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы және бүгіннен бастап Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде барынша қатаң әрекет етемін. Бұл - өмірін қорғап қалуға өтініш білдірген көптеген азаматымыздың қауіпсіздігіне қатысты мәселе.

Бұл – мемлекетіміздің қауіпсіздігіне тікелей қатысты. Халық мені қолдайтынына сенімдімін. Қандай жағдай болса да мен елордада боламын. Халықпен бірге болу – менің Конституциялық міндетім.

Біз жұмыла отырып, Қазақстан тарихындағы осы сын сағатты бірге еңсереміз. Бұдан шыңдалып шығамыз. Жуырда Қазақстанды саяси трансформациялау жөніндегі жаңа ұсыныстарымды жариялаймын. Мен дәйекті реформаларды бұрынғыдай жалғастыра беремін", - деді Тоқаев халыққа үндеуінде.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы құқық қорғаушылар мен әскери қызметшілерге алғысын айтты.

"Құрметті достар, баршаңызға шын жүректен аманшылық тілеймін. Халқымыз құбылмалы кезеңге тап болды. Дана халқымыз қиыншылықтың бәрін міндетті түрде еңсереді. Мен бұған кәміл сенемін. Бірге болайық", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети