Тоқаев энергетика министріне тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев энергетика министріне тапсырма берді Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі отын-энергетика кешенінің жай-күйі, негізгі жобаларды іске асыру барысы мен саланы одан әрі дамыту жоспары туралы есеп берілді.

Президентке отандық мұнай өңдеу зауыттарының қалыпты жұмыс істеп тұрғаны жөнінде баяндалды. Биыл мұнай өңдеу көлемін 17,6 миллион тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ министр Мұнай өңдеу саласын дамытудың 2040 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді.

Ерлан Ақкенженов газ өндіру, Қашаған, Қарашығанақ кен орындарында және Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауыттарын салу жоспарын таныстырды. "Бейнеу – Бозой – Шымкент" магистральді газ құбырының екінші желісі және "Талдықорған – Үшарал" газ құбырының құрылысы жалғасып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаевқа қуаты 26 гигаваттан асатын жаңа генерациялау кешендерін іске қосу көзделіп отырғаны айтылды. Бұл 2035 жылға қарай ішкі сұранысты өтеу мақсатында қолға алынды.

Кездесу соңында Президент отын-энергетика секторын одан әрі дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді. Мемлекет басшысы мұнай-газ, мұнай-газ химиясы және электр энергетикасы салаларында жоспарланған инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы әрі сапалы іске асырудың маңызын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев елдің энергетикалық қауіпсіздігін сақтауға, тұрғындар мен өндірістік нысандарды қуат көзімен тұрақты қамтамасыз етуге баса назар аудару қажет деп санайды. Президент инвестициялық климатты жақсарту үшін кешенді шаралар қабылдау, геологиялық барлауға стратегиялық инвесторларды тарту міндеттерін жүктеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети