Тоқаев Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы Түркия Республикасының 100 жылдығы қарсаңында өткен президент сайлауындағы Режеп Тайип Ердоғанның айқын жеңісі оның Түркияны дамытуға қосқан зор үлесі мен қоғамдағы биік беделінің нәтижесі екенін атап өтті.

Президент бауырлас екі мемлекеттің сан ғасырлық ортақ тарихы мен мәдениетінің тамыры тереңде жатқанын атап өтіп, Түркиямен арадағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды биыл күзде түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы мерейтойлық саммитіне қатысуға шақырды.

Өз кезегінде Түркия Президенті Мемлекет басшысына алғысын айтып, бауырлас Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro