Тоқаев Ерлан Қошановты қабылдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Президент Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Президент Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Парламенттің төменгі палатасының VIII шақырылымының I сессиясы аясындағы қызметі туралы мәлімет берілді. Сессия басталғаннан бері мәжілісмендердің қарауында болған 82 заң жобасының 20-сына депутаттар бастамашылық жасады. Олардың ішінде Заңсыз иемденілген активтерді қайтару, Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама, Семей ядролық қауіпсіздік аймағы, сұйытылған газ айналымы, электрлі самокаттардың қозғалысын реттеу туралы және басқа да заңдар бар.

Мәжіліс спикері конституциялық реформаның қорытындысы бойынша Палатаның жұмыс форматына енгізілген өзгерістер жөнінде айтты. Мәжілістің 6 партиялық фракциядан, сондай-ақ бір мандатты депутаттардан жасақталуы заң шығару жұмысының ашықтығын арттырып, сайлаушылармен кері байланысты күшейтті. Олар Үкімет мүшелеріне жолдаған депутаттық сауалдарында азаматтардың өзекті мәселелерін көбірек көтере бастады.

Өткен сессия барысында алғаш рет жылумен қамтамасыз ету саласындағы басқаруға қатысты Жоғары аудиторлық палатаның есебі тыңдалды және аталған салада кешенді проблемалар бар екені анықталды.

Депутаттар қоғамдағы, соның ішінде өңірлерге жасаған сапарлары кезінде жинақтаған проблемалар бойынша жауапты министрліктер басшылығының алдына бірқатар нақты мәселе қойды. Жылу электр орталықтарын және жылумен қамтамасыз ету желілерін жаңғыртуға ерекше назар аударылды.

Қазіргі таңда мәжілісмендер өңірлерде халықпен кездесулер өткізіп жатыр. Сапар барысында Мәжілістің келесі сессиясында қаралатын Су, Бюджет, Салық және Қала құрылысы кодекстерінің жобалары бойынша талқылаулар ұйымдастырылып, ұсыныстар жинақталады.

Сонымен қатар, Ерлан Қошанов парламенттік дипломатия аясында атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы айтты. Сессия басталғаннан бері Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан парламенттерінің басшыларымен және басқа да елдердің заң шығарушы органдарының өкілдерімен кездесулер өткізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro