27 сәуір 2023 | 12:11

Тоқаев этноәлеуметтік шиеленіс тудыратын себептерді жоюды тапсырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев этноәлеуметтік шиеленісті тудыратын себептерді жоюды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Тоқаев этноәлеуметтік шиеленісті тудыратын себептерді жоюды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Астанада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы отырысында айтты.

"Этноәлеуметтік шиеленісті тудыратын себептерді жою бойынша тиімді шаралар қабылдануы керек. Өткен сессияда мен жабық этникалық аймақтар мен кварталдардың қалыптасуына жол бермеу мәселесін байыппен шешуді тапсырдым. Бүгінде кешенді шаралар әзірленді, жұмыс жоспарлары жасалды. Енді олардың сапалы әрі уақтылы орындалуын, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуін қамтамасыз ету керек", - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев этноәлеуметтік топтардың толыққанды интеграциялануына кедергі келтіретін аймақтық ерекшеліктерге, мәдени және басқа да факторларға жіті назар аударуды тапсырды.

"Соңғы қақтығыстар негізінен ауылдық жерлерде болды. Сондықтан шалғай ауылдардың тұрғындары арасында, әсіресе ұлттар тығыз орналасқан аудандарда белсенді ақпараттық жұмыс жүргізу қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мемлекетіміздің ұлтаралық қатынастар саласында жүргізіп жатқан саясатын халыққа түсіндіру, азаматтарымыздың достығы мен ынтымақтастығының сансыз мысалдарын көрсету қажет деп есептейді.

"Ассамблея мен оның қоғамдық құрылымдары қызметіне жергілікті қоғамдастықтардың қатысуын қамтамасыз ету өте маңызды", - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети