1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Тоқаев Еуропалық кеңес төрағасымен келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишелмен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишелмен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишелмен екіжақты келіссөз жүргіздік. Екеуміз Қазақстандағы ішкі саяси ахуалды, болып жатқан оқиғаларды сөз еттік. Біз мемлекетке төнген басқыншылық, агрессивті іс-әрекетке тап болдық, осыны шешу жолында тез конституциялық тәртіп пен заңды қалпына келтіру шараларын қабылдадық", - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда террористік шабуыл дайындалғанын растайтын дәлелдерді әлемдік қоғамдастық сотына ұсынатынын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!