10 қаңтар 2022 14:58

Тоқаев террористік шабуыл болғанын растайтын дәлелдерді әлемге көрсетуге уәде берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда террористік шабуыл дайындалғанын растайтын дәлелдерді әлемдік қоғамдастық сотына ұсынатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда террористік шабуыл дайындалғанын растайтын дәлелдерді әлемдік қоғамдастық сотына ұсынатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жуық арада, алдын ала тергеулер аяқталғаннан кейін, біз әлемдік қоғамдастық сотына елімізге қарсы жүргізілген террористік шабуыл дайындығы мен оны жүргізуге қатысты қосымша дәлелдер ұсынамыз. БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, АӨСШК, сондай-ақ халықаралық гуманитарлық ұйымдар қаскөйлердің, террористердің, қылмыскерлердің заңсыз әрекеттерінің толық әрі әділ тергелуіне мүдделі екеніне сенімдімін", - деді Тоқаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы асығыс тұжырым жасаудың қажеті жоқ екенін айтты. Тоқаев Қазақстан бұл қиын кезеңді жеңіп шығатынына сенгендерге алғыс білдірді.

"Қазақстан өзінің жаңа тарихындағы ең қиын кезеңді еңсереді деп о баста сенім артқандардың бәріне алғыс айтамын. Бұл, әсіресе, ҰҚШҰ-ға қатысты. ҰҚШҰ-ның Қазақстандағы бітімгерлік әлеуетін ықпалдаса отырып, барынша қауіпсіз, тиімді әрі қысқа мерзімге пайдаланатынымызға сенімдімін", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети