Тоқаев Франция президенті Макронға көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Франция президенті Макронға көңіл айтты Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Президент қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына олардың қайғысына ортақтаса көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Айта кетейкі, 14 желтоқсанға қараған түні Үнді мұхитындағы 320 мыңнан астам халқы бар француз архипелагы Майоттаға жойқын "Шидо" циклоны соқты. Синоптиктер мәліметінше, желдің жылдамдығы сағатына 200 шақырымнан асып, тұрғын үйлерге, әкімшілік ғимараттарға және ауруханаға зақым келтірген. Бұл соңғы 90 жылдағы ең күшті дауыл деп атап өтілді. Жергілікті билік деректері бойынша, құрбандар саны жүздеген, тіпті мыңдаған адамға жетуі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети