31 мамыр 2024 | 15:43

Тоқаев ғалыммен Алматының жол инфрақұрылымын талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы "Жол ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС директоры Бағдат Телтаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы "Жол ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС директоры Бағдат Телтаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жол құрылысы және жол жабындылары механикасын зерттеуші ғалым Бағдат Телтаевпен кездесті. Жүздесуде Алматы қаласындағы және еліміздегі жол инфрақұрылымын дамыту перспективалары, инновациялық технологияларды енгізу және аталған салаға маман даярлау мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысына қалалардың қарқынды дамуына байланысты туындаған, көлік инфрақұрылымына айтарлықтай салмақ түсіретін басты проблемалар мен сын-қатерлер туралы мәлімет беріліп, оларды шешу жолдары жөнінде баяндалды. Атап айтқанда, Бағдат Телтаев жол құрылысына құрамында полимер қосындылары бар асфальтбетон қолдану тәжірибесінің сәтті өткенін жеткізді.

Жүргізілген сынақ нәтижесінде аталған технология жолдың ойылуына және жарықшақтардың пайда болуына, сондай-ақ тағы да басқа климаттық әсерлерге төзімді екені анықталды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саланы дамытуға қосқан үлесі үшін Бағдат Телтаевқа ризашылығын білдіріп, жол инфрақұрылымының сапасы мен қауіпсіздігін жақсарту үшін ғылыми зерттеулерді жалғастырудың және жол құрылысына озық технологияларды енгізудің маңызды екеніне назар аударды.

Айтылған ұсыныстар негізінде Үкіметке және салалық министрлікке тиісті тапсырмалар беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети